Абай облысындағы жаппай төбелес: полицейлер күдіктілерді ұстады

30.08.2022 22:01

28 тамыз күні әлеуметтік желілерде Шар қаласының Жарма ауданы аумағында бір топ жас жігіт арасындағы жанжалдың бейнежазбасы тарала бастады

ДРАКИ КРАСИВЫ ТОЛЬКО В КИНО. ФОТО: LASTDAY.CLUB

Абай облысының полицейлері бұзақылық жасап, төбелесті бастаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

28 тамыз күні әлеуметтік желілерде Шар қаласының Жарма ауданы аумағында бір топ жас жігіт арасындағы жанжалдың бейнежазбасы тарала бастады. 

Аталған факті бойынша дереу тексеру басталып, оның барысында осы оқиғаға қатысы бар адамдар анықталып, ұсталды.

 Қазіргі уақытта ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, жанжалдың барлық мән-жайы анықталуда.  Қазіргі уақытта Шар қаласында жағдай тұрақты. Бұл факті Абай облысы Полиция департаментінің бақылауында.