Полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр
Батыс Қазақстан облысында із-түзсіз жоғалған ер адамның мәйіті өзен жағасынан табылды, жергілікті полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 4 қараша күні сағат 15:10-да Жайық өзенінің жағасынан Январцево ауылының 56 жастағы тұрғынының мәйіті табылды.
Бұған дейін ер адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде болған.Полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр.
Оқи отырыңыз: Тұшпара пісірмек болған жігіт өлім аузынан қалды