Петропавлда полицейлер мас жүргізушіні қуып жүріп ұстады

kolesa.kz
kolesa.kz
Жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, сегіз жылға жүргізуші куәлігінен айырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Петропавлда полицейлер қаланың орталық көшелерімен мас жүргізушіні қуалады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде қуғынның видеосы тарады. Жүргізуші жол ережесін өрескел бұзып, басқа жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қауіп төндіру арқылы патрульдік полициядан қашып құтылмақ болған.

"Полиция Партизанская мен Нұрсұлтан Назарбаев көшелерінің қиылысында артқы бампері жоқ "Toyota Corolla" көлігіне назар аударған. Мән-жайды анықтау барысында инспектор көлік жүргізушісінен алкоголь иісі шығып тұрғанын сезген. Содан ер адам патрульдік полиция экипажынан қашып құтылмақ болған", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Ұзақ уақытқа созылған қуғын нәтижесінде 30 жастағы жүргізуші Жамбыл көшесі, 3-үйге қарсы бетте ұсталды. Жол ережесін бұзған азаматты ұстау кезінде жол қозғалысының басқа қатысушылары зардап шеккен жоқ. Жүргізуші медициналық тексеруден өтуден бас тартты. Көлік тәркіленіп, мамандандырылған автотұраққа қойылды.

"Жүргізушіге қатысты жол жүру ережесін бұзғаны үшін, оның ішінде полиция қызметкерінің көлікті тоқтату туралы заңды талабын орындамағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жиналған әкімшілік материалдар амандандырылған әкімшілік сотқа жолданды", - деді полициядағылар.

Сот шешімімен жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, ол сегіз жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Новости партнеров