Полицейлер оны бейнебақылау камерасының көмегімен ұстаған
Түркістан облысында көлігіне жалған нөмір тағып, айыппұлы 2 миллион теңгеден асып кеткен жүргізуші қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Полицейлер оны бейнебақылау камерасының көмегімен ұстаған. Ол былтыр қазан айынан бастап, осы жылдың наурызына дейін 67 рет жол ережесін бұзып, 2 миллион 244 мың теңге айыппұл арқалаған.
«Сонымен қатар Түркістан бойынша бейнебақылау камерасының көмегімен мас күйде көлік жүргізген 4 жүргізуші, көліктің алдыңғы терезесін тонировка жапсырған 7 автокөлік, жалған мемлекеттік нөмір таққан 1 машина, мемлекеттік нөмір мүлде тақпаған тағы 1 көлік, сондай-ақ 2 қылмыстың ізі ашылды», – деді Полиция департаменті жедел басқару орталығының бастығы Сәбит Бақтығалиев.