Қыздың анасы Екатерина Голешова 10 жыл 6 айға сотталды
Петропавлда үш жасар қызды өлімші етіп ұрып өлтірген әйелге қатысты сот үкім шықты. Үш жасар баланың анасы 22 жастағы Екатерина Голешова 10 жыл 6 айға сотталды. Бір айға созылған сот процесінде жәбірленуші мен куәгерлерден жауап алынған. Екатерина Голешова некесіз туған қызын балалар үйіне тастап кеткен. Үш жасқа дейін бала асыраушылардың қолында өскен. Тек жарты жыл бұрын ғана үш жасар Александраны өзіне қайтарып алған ана бір ай бойы қызын аяусыз ұрып келген. Бас ми жарақатын алған бүлдіршін комаға түсіп, ес жимастан көз жұмған, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Екатеринаға берілген жаза өте аз. Кішкентай балаға осындай қатегіздік жасаған адам кемі 20 жыл, тіпті өмір бойына түрмеде отыру керек», ‒ деді қайтыс болған кішкентай қыз Александраның асыраушысы Татьяна Захарова.