Он екі жыл бойы іздеуде жүрген алаяқ әйел ұсталды

01.11.2022 22:18

Ол жалған құжатпен өмір сүрген

halyqline.kz

Маңғыстау полицейлері 12 жыл бойы іздеуде болған алаяқ әйелді ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«54 жастағы әйел, Батыс Қазақстан облысының тумасы, Қылмыстық Кодекстің 190-бабының 3-бөлігінде (Алаяқтық) көзделген қылмыс жасағаны үшін 12 жыл бойы іздеуде болды. Ол осы уақытқа дейін Алматы қаласының аумағында жалған құжатпен өмір сүрген», - деп жазды Ішкі істер министрлігінен.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері Алматы қаласында күдікті әйелді ұстады. Тәртіп сақшылары оны Алматы қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

Дереккөз: ҚазАқпарат.