Түркістанда браконьерлер ұсталды

04.07.2022 в 22:18

Олар 11,5 миллион теңгеден астам шығын келтірген

Түркістанда полицейлер 11 жарым миллион теңгеден астам шығын келтірген браконьерлер тобын ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Белгілі болғандай, олар түнгі уақытта Шардара және Көксарай су қоймаларында табиғат қорғау инспекторларының жоғын пайдаланып заңсыз балық аулаған. Содан кейін ауланған балықтарды Шымкент қаласының базарларына апарып сатқан.

«Аталған азаматтардың тұрғылықты жерін тінту барысында 2 автокөлік, 3 қайық және қайық қозғалтқыштары, 100 дана балық аулау торы, қолдан жасалған тоқ қармақтары тәркіленді», – деді Облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Сұлтанбек Үсіпбеков