Автокөлік жүргізушілеріне айыппұл салынды
Жамбыл облысы Қордай ауданында орналасқан «Қордай» ветеринариялық бақылау пунктінде Қырғыз республикасына балық өнімдерін заңсыз өткізу әрекеті анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Пункттің ветеринариялық-санитариялық инспекторы жүргізген тексеру барысында екі автомобиль тасымалданатын өнімге тиісті ветеринариялық ілеспе құжаттарсыз 8 тонна балық өнімін тасымалдағаны анықталды.
Автокөлік жүргізушілеріне айыппұл салынып, жүк қайтарылды.