БҚО-да тоғызыншы сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

14.08.2024 22:23

Тергеу тоқтатылды

elements.envato.com

Қайғылы оқиға БҚО Жаңақала ауданында болды. Оқушы өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Тоғызыншы сынып оқушысы өзін-өзі өлтірді. Полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

«Кәмелетке толмағандарға өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша БҚО ПД Жаңақала полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Оның барысында оқиғаның барлық мән-жайы зерттеліп, тексерілді», - деп жауап берді облыс ПД.

Тергеу қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.