Түркістан облысында өзгелерді 20 млн теңгеге алдап кеткен күдікті ұсталды

05.02.2022 01:09

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары басталып кетті

Almaty.tv

Түркістан облысының полицейлері 15 адамды алдап, 20 миллион теңге шығын келтірген Қазығұрт ауданының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.        

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары басталып кетті. Өзін қайырымдылық қорынанмын деп таныстырған ер азамат ауыл тұрғындарының біріне ақша берсе, енді бірінің дүкендегі қарызын жауып берген. Осылайша, көпшіліктің сеніміне кіріп, барлығының атынан несиеге қымбат ұялы телефондар алып, сатып жіберіп отырған.

«Күдікті жедел іздестіру шаралары барысында ұсталып, Қазығұрт ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі таңда күдікті өзінің кінәсін толығымен мойындап отыр», - деді Қазығұрт ауданы полиция бөлімінің тергеушісі Дулат Асқаров.