Полиция сөмкесіне қомақты ақша мен қару-жарақ салып алған азаматтарды іздеп жатыр

14.10.2020 22:28

Әлеуметтік желілерде сөмкесіне қомақты ақша мен қару-жарақ салып алған азаматтардың видеосы тарады

almaty.tv

Алматы облысының полициясы «жаркенттік жігіттерді» іздеп жатыр. Әлеуметтік желілерде сөмкесіне қомақты ақша мен қару-жарақ салып алған азаматтардың видеосы тарады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Онда көліктің алдыңғы бөлігінде отырған адам Калашников автоматы мен сөмкесін ашып көрсетіп жатыр.

Қазір осы бейнежазба бойынша Панфилов ауданының полиция қызметкерлері пост авторларының кім екенін анықтауды бастап кеткен. Тексеру барысында азаматтардың әрекеті заң шеңберінде қаралатын болады.