Бұған дейін Төреғали Төрәлі Көлсай көлінде гид жігітті соққыға жықты деген ақпарат тараған болатын
Әнші Төреғали Төреәлі 10 миллион теңге кепіл төлеп, қамаудан босатылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Алматы облысы Кеген аудандық сотының қаулысымен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдіктінің Төреғали Әлихановқа қатысты "Бұзақылық" 293-бабының 1-бөлігі бойынша он миллион теңге сомасына кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Бұл бұлтартпау шарасын қолдану тәртібі ҚК мен ҚІЖК-де нақты жазылған", - деп хабарлады Алматы облысы Кеген аудандық сотының баспасөз қызметі.