Ер адамның жүргізуші куәлігі де жоқ екені мәлім болды
Түркістан облысында мас халде көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жол ережесін бұзған сәтте тәртіп сақшылары оны дереу тоқтатып, ішімдікке сылқия тойып алғанын анықтады. Құжаттарын тексеру барысында ер адамның жүргізуші куәлігі де жоқ екені мәлім болды. Көлік иесі 2021 жылдың қазан айында Созақ аудандық сотының қаулысымен көлік басқару құқығынан айырылған екен.
«Әкімшілік жазаға тартылған болатын. Содан қайталанып тұрған соң тергеу бөлімшесіне баяндалып, Қылмыстық Кодекстің 346-бабымен тергеп тексеру амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Созақ АПБ жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Жанболат Ордабек.