46 жастағы азамат 2001 жылдың қаңтарында өз елінде қасақана кісі өлтіріп, қашып кеткен екен
Полиция Түрікменстанда кісі өлтіріп, қашып жүрген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Түрікменстанның құқық қорғау органдары іздестіріп жатқан қылмыскер ұсталды. 46 жастағы азамат 2001 жылдың қаңтарында өзінің таныстарымен алдын ала сөз байласып, елінде қарақшылық шабуыл жасап, қасақана кісі өлтірген. Оның екі сыбайласы қылмыс жасағаннан кейін ұсталып, әртүрлі мерзімге сотталды. Ал ол Қазақстанның өңірлерінде жасырынып жүрген. Қазіргі уақытта Түрікменстан азаматы уақытша ұстау изоляторына қамалды»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Кейін күдікті көрші елдің полициясына беріледі.