Ұлы анасына қол көтеріп, қабырғасын сындырды

18.02.2024 22:39

Қарағандының бұрынғы әкімінің баласы күдікке ілінді

elements.envato.com

Қарағандыда бұрынғы қала әкімі Шаймерден Оразалиновтың ұлы екі айға қамауға алынды. Ер адам анасын соққыға жыққан, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап. 

Анықталғандай, отбасылық жанжалға көршілері куә болған. Олар бірден жедел жәрдем шақырып, полицияға қоңырау шалған. 

Ер адам 78 жастағы анасының мұрны мен бірнеше қабырғасын сындырған.

- Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу соты 10 ақпанда күдіктіні екі ай қамауда ұстау санкция берді, - деп хабарлады Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу сотының баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Алматылық тұрғын сан соғып қалды: 83 млн теңгесінен айырылды