Ол өмір бойы басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды
Ақтауда «ӨзенМұнайГаз» компаниясы директорының орынбасары алты жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оны ауыр зардаптарға әкеп соқтырған немқұрайлылық және кәсіпкерлікке кедергі келтіру дерегі бойынша кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қызметкер тендер өткізу кезінде белгілі бір компанияның мүддесін екіншісіне зиян келтіре отырып ұйымдастырған. Нәтижесінде конкурс қорытындысы бойынша бағаны барынша төмендеткен серіктестік жеңімпаз болып танылып, қызметтердің жалпы құны 2,7 млрд теңгеге дейін азайған. Сотталушы сорғы-компрессорлық құбырларды жалға беруге жасалған шарттың талаптарын тексермей, 22 млн теңгеге немқұрайлық танытқан.
– Ақтау қалалық сотының 11 наурыздағы үкімімен Б. және С. есімді азамат ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсына осы бап бойынша бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – деді қалалық соттың төрағасы Бауыржан Шайдуллин.
Сотталушы мұнай және газ өнеркәсібі саласындағы коммерциялық ұйымдарда өмір бойы басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Ол кінәсін мойындамай, өзін ақтауды өтінген. Дегенмен азаматтың аталған іске қатысы жәбірленушінің айғақтары мен куәгер әрі мамандардың қорытындыларымен, кепілдік хаттармен және орындалған жұмыс актілерімен дәлелденген.
Оқи отырыңыз: Қарағандылық азамат такси жүргізушісін соққыға жықты