Жәбірленуші еш ойланбастан барлық ақшасын алаяқтарға аударып жіберген
Ақтөбе облысының 69 жастағы тұрғыны алаяққа сеніп, 5 млн теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Аймақтағы Полиция департаментінің мәліметінше, биржа өкілі жәбірленушімен байланысқа шығып, ақша аударымы мен комиссия үшін, сақтандыру қағазы мен тағы басқа салықтарды төлеу керектігін айтқан. Айтылған операцияны жүзеге асыру үшін жәбірленуші еш ойланбастан барлық ақшасын алаяқтарға аударып жіберген.
«Шығын сомасы шамамен 5 млн теңге. Ақшаны алған алаяқ кейін кері байланысқа шықпаған, ер адам өзінің алаяқтардың құрбанына айналғанын түсініп, полицияға арызданды. ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдіктілерді анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде», - деп мәлімдеді ведомстводан.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті нағыз брокерлер адамдарды телефон арқылы шақырмайтынын, жеке тұлғалардың карталарына және басқа да төлем жүйелеріне қаражат аударуды сұрамайтынын еске салады.