Павлодарда 8 айлық баласын аштан өлтірген әйел сотталды. Сот оған бір жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға Павлодар облысы Екібастұз ауылдық аймағына қарасты Шідерті кентінде былтыр қараша айында болған. Ресми ақпарға сүйенсек, анасы қызына бір апта бойы нәр татқызбапты. Ал баланың мәйіті сол маңайда тұратын әжесінің үйінен табылған.
Айта кетейік, облыстық сот аталған істі «Абайсызда адам өліміне әкеп соғу» бабы бойынша қарады. Ал отбасында бақилық болған сәбиден бөлек, екі бала бар. Олар арнайы мекемелерге тапсырылды. Ал күдікті азамат ата-ана құқығынан айырылған.
– Бұл Т есімді азаматтың абайсыздығынан нәресте көз жұмды. Ол кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінді. Сондай-ақ сот медициналық сараптамасының қорытындысымен, сарапшының айғақтарымен және де сотта зерттелген басқа да заттай дәлелдемелермен дәлелденді, – деді облыстық соттың баспасөз қызметі өкілі Маржан Құрманғалиева.
Оқи отырыңыз: «Құқықтық тәртіп»: Алматыда іздеуде жүрген 13 қылмыскер ұсталды