Алаяқтар алматылық әйелдің шотынан 5 мың доллар шешіп алған

24.09.2022 22:51

Полиция департаментінің мәліметінше, олар жәбірленушіні алдап, ақшасын иемденіп алған

irk.ru

Алматы полициясы камераның объективіне түсіп қалған екі ер адамның суретін жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Полиция департаментінің мәліметінше, олар жәбірленушіні алдап, ақшасын иемденіп алған.

«Әйелдің ұялы телефонына қоңырау шалған ер адам өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, одан: «Депозиттік шоттан жеке шотқа ақша аударуға өтініш білдірдіңіз бе?» - деп сұрайды. Содан соң күдікті әйел адамға телефонына келіп түскен кодты айтатын болса, шотқа кибершабуылдардан қорғайтын арнайы қорғаныс орнатамыз деп сендірген. Өзін алдап тұрғанынан еш күдіктенбеген әйел айтылған талаптарды орындаған», - дейді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Полиция өкілінің айтуынша, бірнеше күннен кейін банк қызметкерлері әйелге хабарласып, шотынан 5 мың доллардан астам қаражат шешілгенін айтқан. Тек сол кезде алматылық алаяқтардың құрбаны болғанын түсінеді.