Алматылық полицейлер ірі арнайы жедел іс-шара өткізді
Алматылық полицейлер ірі арнайы жедел іс-шара өткізді. Аталған жедел іс-шара нәтижесінде қару-жарақ өңдейтін жасырын цех әшкереленді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Алматы қаласы Медеу ауднының екі тұрғыны ұсталып, олардың тұрғылықты мекен-жайлары бойынша ірі көлемдегі әртүрлі үлгідегі атыс қарулары, оқ дәрілер және қаруларды қайта өңдеуге арналған құрылғылар анықталды. Тәркіленген барлық заттар сот алды біріңғай тергеу реестріне тіркеліп, ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық іске қозғалды. Барлық қару-жарақ арнайы баллистикалық сараптамаға жіберілді», – деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Әбілбеков.
Сондай-ақ, Алматы полициясында мәлімдегендей сараптама нәтижесі бойынша аталған қару-жарақтардың қандай мақсатта қайта өңделгендігі белгілі болады.