Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Данияр Биғайдаров мәлімдеді
Жамбыл облысында коронавируспен күреске бөлінген бюджет қаржысын жымқырды деген шенеуніктер ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Данияр Биғайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Айтуынша, өңірдің денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғалары коронавирустың алдын алуға арналған медициналық бұйымдарды жоғары бағамен сатып алған. Соның салдарынан мемлекетке 8 миллион 730 мың теңге көлемінде шығын келтірілді. Қылмыстық іске қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.