Мектепке дейін білім беретін мекемені уәкілетті органдар тексеріп жатыр
Маңғыстау облысында мемлекеттік балабақшаның басшылары 3 принтерді 31 млн теңгеге сатып алмақ болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
Мектепке дейін білім беретін мекемені уәкілетті органдар тексеріп, сатып алу конкурсы қайта өткізілді. Яғни, мекеме басшылығы бағасы 100 мың теңгеден аспайтын 1 принтерге 10 млн теңгеден аса ақша жұмсауды жоспарлаған.
Айта кетсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік департаменті жыл басынан бері жүргізген мониторингтің нәтижесінде 1,2 млрд теңгеден аса мемлекет қаражаты үнемделді.
«Департаментпен енгізілген ұсыным хат негізінде мемлекеттік сатып алу жоспары қайта қаралып, 31 млн теңге бюджет қаражаты үнемделді. Әлгі балабақшада 3 принтерді 300 мың теңгеге сатып алу туралы мемлекеттік сатып алуларға өзгерістер енгізді. Сатып алынатын тауарлар мен қызмет түрлерінің құны нарық бағасынан жоғары болмауына тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп жатыр», - деді ҚР СЖҚІҚА облыстық департамент басшысының бірінші орынбасары Біржан Хайруллин.