Ресейден алкоголь өнімін заңсыз тасымалдап жүрген жеке кәсіпкер анықталды

04.05.2022 23:03

Ол көлемі 567 литр 766 бөтелкені әкеліп, дүкендерге өткізген.

Almaty.tv

Ресейден алкоголь өнімін заңсыз тасымалдап жүрген жеке кәсіпкер анықталды. Ол көлемі 567 литр 766 бөтелкені әкеліп, дүкендерге өткізген. Заңсыз әрекетті анықтаған Әділет департаментінің мамандары тауарды дер кезінде жойып, кәсіпкерге ірі көлемде айыппұл салды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Сала мамандарының хабарлауынша, соңғы бір жылда заңсыз тасымалданған құны 2 млн 300 мың теңге тауар айналымы тәркіленген. Олардың басым бөлігі тұрмысқа қажетті заттар мен балалар ойыншықтары екен.

«Акция 3 мамырдан 20 мамыр аралығында өткізіледі. Кез-келген 10 жастан жоғары азамат қатысуға ниет білдірсе болады. Осы мораторий уақытында оның талаптарын сақтай отырып, тауар таңбасы иесінің арыз-шағымы негізінде  Әділет департаментінде кезектен тыс 6 тексеріс жүргізілді», – деді Әділет департаменті зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Еркебұлан Жетпісбаев.

Еске салайық, елімізде шағын және орта бизнес иелерінің тауарды сырттан қандай жолмен әкелгені тексерілмейді. Ол үшін мемлекет басшысы 3 жылға дейін мораторий бекіткен еді. Мақсат – жас кәсіпкерлердің жұмыстарына қолдау көрсету. Десе де бұл тек шағын және орта бизнес иелеріне ғана қатысты.