Жетісу облысында 11 күн бұрын жоғалып кеткен бүлдіршін өлі табылды

Фото: ТЖД
Фото: ТЖД
Баланың денесі Мұқаншы өзенінен табылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жетісу облысында 11 күн бұрын Көксу ауылында жоғалып кеткен 3 жасар баланың денесі табылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Өңір полициясының мәліметінше, іздеуде жүрген бала Мұқаншы өзеніне батып кеткен, оның денесін іздестіру топтары тауып алған.

«Жоғалған баланы іздеу жұмыстары аяқталғаны туралы хабарлауға мәжбүрміз. Өкінішке қарай, күдіктеріміз расталды. Баланың денесі Мұқаншы өзенінен табылды. Полиция департаменті марқұмның отбасына көңіл айтады. Барлық ересектерді (ата-аналар мен қамқоршыларды) балаларға мұқият болуға, оларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз. Сіздің зейініңіз бен қамқорлығыңыз осындай қайғылы оқиғалардың алдын алуға ықпал етуі мүмкін», - деп хабарлады облыс ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, 3 жасар Алдияр 7 қыркүйекте жоғалып кетті, оны соңғы рет Жетісу облысы Көксу ауданы Көксу ауылындағы үйінің ауласында көрген. Сәбиді іздеуге 400-ден астам адам жұмылдырылған.

Оқи отырыңыз: Бес адамның өліміне себепкер болған: Астанада жатақхана иесі сотталды

Новости партнеров