Тәртіп сақшылары ұрыны бірден анықтапты
Түркістан облысының полицейлері қымбат ұялы телефон ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Дәріханада жұмыс істейтін бойжеткен өзінің телефоны қолды болғаны туралы арызданып, полицейлерге бейнебақылауға жазылып қалған видеоны көрсеткен. Тәртіп сақшылары ұрыны бірден анықтапты. Келтірілген шығын көлемі 450 мың теңге деп бағаланған. «Ұрлық» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу басталды.
«ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел іздестіру шараларының арқасында күдікті Түркістан қаласының тұрғыны екені анықталды. Айғақты зат ретінде Айфон 13 телефоны жәбірленушіге қайтарылды», – деді полиция департаменті анықтау бөлімінің анықтаушысы Арыстан Қаратай.