Шекара бұзған қырғыз азаматы ұсталды

25.07.2020 23:17

Қазақстандық шекарашылар оны пилотсыз ұшу аппаратының көмегімен тапқан

MabelAmber

Іздеуде жүрген қырғызстандық шекара бұзушының ұсталған сәті видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

"2020 жылғы 24 шілдеде ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша Департаментінің шекарашылары пилотсыз ұшу аппаратын қолдану және ерікті жасақтардың көмегімен Мемлекеттік шекараны бұзушыны тауып, ұстады.

Мән-жайды анықтау барысында Қырғыз Республикасының азаматы адам денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін оны ішкі істер органдары іздестіріп жүргені белгілі болды.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.