Ақтөбе облысындағы оқушы өліміне қатысты Зәкиева пікір білдірді

05.09.2024 23:14

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл жасөспірімнің отбасына көңіл айтты

elements.envato.com

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Ақтөбе облысының Қопа ауылында төбелес кезінде қайтыс болған оқушы өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

"Мен баланың әкесімен тергеудің толықтығын қамтамасыз ету және уәкілетті органдар қабылдаған қажетті шаралар жайлы сөйлестім. Облыстық прокуратурамен, білім басқармасымен, облыстық бала құқықтары жөніндегі өкілдермен бірлесіп жұмыс істейміз", - деді Зәкиева.

Оның сөзінше, прокуратура сонымен қатар мектепте қылмыс жасауға ықпал етуі мүмкін фактілерді тексеріп жатыр.

Динара Зәкиева жасөспірімнің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Бұған дейін Ақтөбе облысында мектеп оқушылары арасында кикілжің болып, салдарынан 9-сынып оқушысы қаза тапқаны туралы ақпарат тараған болатын.

Сондай-ақ қадағалау актісімен Қопа ауылындағы мектептің директоры Р.Е. Қаржауов қызметінен босатылды.