Алматы облысындағы атыс: бір адам көз жұмды

07.09.2023 23:22

Қанды оқиғада 4 азамат жапа шеккен

Twitter

Алматы облысындағы атысқа қатысы бар күдіктілер қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қанды оқиғада 4 азамат жапа шеккен, олар Іле ауданындағы ауруханада жатыр. Оларды тегіс ұңғылы қарумен атқан. Ал бір адам ауруханаға барар жолда көз жұмған. Бұл жайттан кейін тәртіп сақшылары ауқымды түрде қылмыскерлерді табу операциясын жүргізді. Полиция департаменті тергеуді бастады. Аймақтағы жағдай бақылауда.

– Оқиғаға қатысушыларды полиция қызметкерлері анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта сараптамалық тексеру тағайындалды. Барлық қажетті тергеу іс-шарасыы жүргізіліп жатыр. Аймақтағы жағдай тұрақты және бақылауда. Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сай жария етілмейді, – деді Алматы облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сәйділдин.

Оқи отырыңыз: Түркиядағы жол апаты: тағы бір қазақстандық ауруханада көз жұмды