Қылмыстық іс бойынша өндірісті Алматы қаласы қылмыстық іздестіру департаментінің тергеу басқармасы жүргізіп жатыр
Алматы полициясы Ғабидолла Әбдірахымовқа қатысты қозғалған қылмыстық іске түсініктеме берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Алматы қаласының полиция департаменті Қ. есімді азаматтан Ғабидолла Әбдірахымовтың үстінен арыз түскенін растады.
«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп- тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қылмыстық іс бойынша өндірісті Алматы қаласы қылмыстық іздестіру департаментінің тергеу басқармасы жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады»,- деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.