Бүгінгі сот отырысында бір алқаби ауысты
Астанада Қуандық Бишімбаевқа қатысты оныншы сот отырысы өтті. Бүгін экс-министрдің туысы Бақытжан Байжановтан жауап алынды. Ол өзіне тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл істе екінші сотталушы қылмысты құзырлыларға жеткізбеу және жасыру баптары бойынша айыпталып отыр. Байжанов аса қатыгездікпен адам өлтіру фактісін жасырмадым деп ақталды.
– Жоқ, мен мойындамаймын, себебі жедел жәрдемге бірден хабарластым. Оның үстіне, қылмысты жасырған жоқпын. Сараптама қорытындысы бойынша Салтанат күндізгі сағат 15:00 мен 17:00 аралығында көз жұмған. Ал мен 13:30-да бейнебақылау камерасындағы жазбаны өшірдім. Яғни, ол кезде Салтанат тірі еді, – деді сотталушы Бақытжан Байжанов.
Бүгінгі сот отырысында бір алқаби ауысты. Ол денсаулығына байланысты қатыса алмады. Сот отырысында Салтанат Нүкенованың беті көгерген жаңа суреттері көрсетілді. Олар суретке Мальдив аралдарында түскен.
Оқи отырыңыз: Жұмбақ өлім: Ақтөбеде көз жұмған жеткіншектің өліміне қатысты тың мәлімет белгілі болды