31 жастағы адам ұсталды
Талдықорғанда есірткіге қарсы арнайы операция өтіп, 31 жастағы адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Полиция азаматты мефедрон сату кезінде қолға түсірген. Кейін оның үйін тінту кезінде шамамен 8 мың дозаны құрайтын 80 грамм синтетика және тіркелмеген мылтық мен оқ-дәрінің түр-түрі тәркіленді. Сондай-ақ күдіктінің есірткіні интернет арқылы сатқаны да белгілі болды.
«Тіркеуде жоқ шолақ және 2 ұңғылы қару мен 20-дан астам оқ-дәрі тәркіленді. Қазір күдікті ұстау изоляторына қамауға алынып, тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде», – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Әбілтай Әбенов.