Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Оралда 20 жастағы полиция қызметкері өзін атып өлтірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қайғылы оқиға бүгін сағат 08.00-дер шамасында жергілікті полиция басқармасының ғимаратында болған. Әріптестерінің айтуынша, марқұм жұмысына адал әрі өзін жақсы қызметкер ретінде көрсете білген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Себептер мен мән-жайларды анықтау үшін қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының негізінде басқа ақпарат жария етуге жатпайды», – деді БҚО ПД баспасөз қызметкері Лунара Аманғалиева.