Заңсыз шығарылған ақша: 8 іс тексеріліп жатыр

20.04.2022 23:38

Қаржы министрлігі тарапынан жауапты агенттікке мәліметтер жіберілді

ашық дереккөз

Қазақстаннан 1 млрд доллардай ақшаны заңсыз шығаруға қатысты 8 іс тексеріліп жатыр. Ол туралы Премьер-Министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Вице-премьер бұған дейін ел аумағынан қомақты ақша шығарылғаны туралы ақпарат тарағанын, алайда оның барлығы жымқыру жолмен немесе заңсыз алып кетті дегенді білдірмейтінін жеткізді.

«Осындай 8 факті анықталып, Қаржы министрлігі тарапынан жауапты агенттікке мәліметтер жіберілді. Бұл қаражат 400 млрд теңге шамасында. Екінші тетікке тоқталсақ, Бас прокуратура құқық қорғау органдарымен бірге арнайы топ құрды. Бұл топтың жұмысы жалғасып жатыр. Осы бағытта да бірнеше факті анықталды, яғни 1 млрд АҚШ доллары сыртқа заңсыз шығарылады деген мәлімет бар. Бұл фактілер бойынша нақты ақпарат бере алмаймын, себебі оны жауапты құқық қорғау органдары жариялайды», – деді ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.