Бүгін Астанада сот экс-министрдің апелляциялық шағымын қарады
Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты үкім өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгін Астанада сот экс-министрдің апелляциялық шағымын қараған еді. Әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деп 24 жылға сотталған бұрынғы шенеуніктің адвокаты алғашқы сот отырысынан бастап судьяның жәбірленуші тарапқа жақтасып, кейбір үміткерлерді алып тастауға көмектесті деп мәлімдеді.
– Құрам сотталушыларға әділ үкім шығару мүмкіндігі аз болатындай етіп таңдалды. Бұған қоса, Бишімбаевтың телефоны мөрленіп, қорғаушыларға оны тергеу сатысында зерттеуге рұқсат етілмеді. Біз бұрын таныспаған телефонды сотта зерттей алмаймыз. Сотта кенет туындаған жағдайда жұмыс істеуге мәжбүр болдық. Біз оны жоққа шығару үшін немесе керісінше, оны қорғау үшін қолдануға дайын болуымыз керек. Алайда сот бұл өтінішті қанағаттандырудан заңсыз бас тартты, – деді Қ. Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов.
Ал айыптаушы тарап Бишімбаевтың жазасын жеңілдетудің еш себебін көріп тұрған жоқ. Айтуларынша, куәгерлер мен сараптаманың барлығы экс-министрдің кінәсін толық дәлелдеп тұр.
– Бишімбаев Нүкенованы тұрақты түрде ұрып, онысын телефондағы камераға түсіріп жүрген. Кезекті видеоның барын ол ұмытып кеткен. Егер ол ұрған видеосы барын білгенде, бізге смартфонның паролін мүлдем айтпайтын еді. Іске қатысты жасалған сараптаманың барлығы марқұмның дене жарақатынан көз жұмғанын дәлелдеп тұр, – деді прокурор Арман Кизикен.
Оқи отырыңыз: Бишімбаевтың ісі: Астанада апелляциялық сот өтіп жатыр