Таразда жеңгетайлықпен айналысқан тұрғын ұсталды

09.09.2022 23:52

Полиция бөліміне 18 жеңіл жүрісті қыз жеткізілді

Almaty.tv

Тараздағы сауықтыру кешендерінің бірі жөзекшелікті кәсіп қылғандардың притоны болып шықты. Интимдік қызмет орталығын әшкерелеген тәртіп сақшылары жеңгетайлықпен айналысып келген 38 жастағы жергілікті тұрғынды оқиға орнында ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өз кінәсін толық мойындаған күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.  

«Полиция бөліміне интимдік қызмет көрсеткен 18 жеңіл жүрісті қыз жеткізілді. Бәрі дактилоскопиядан өтті. Профилактикалық есепке қойылды», – деді Жамбыл облыстық ПД КПБ жедел уәкілі Илхамжан Салахотдинов.