Астанада Qnet қаржы пирамидасын құрған азамат ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Күдіктіні қаржы мониторингі агенттігі прокуратурамен бірлесіп қолға түсірген. Компания 2020 жылдан бастап бүгінге дейін Астана мен Ақмола облысында жұмыс істеп келген. Ұсталған азамат жеке тұлғалардан тартылған қаржыны кәсіпкерлікке пайдаланбай, пирамидалық жүйемен үлестіріп отырған. Qnet қызметі желілік маркетинг және электрондық коммерция қызметі түрінде жасырылған.
«Шетелде Qnet компаниясы қаржы пирамидасы деп танылды. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі оны қаржы пирамидасының белгілері бар компания тізіміне енгізді. Өкілетті органның қорытындысына сәйкес, компания салымшыларынан түскен түсім сомасы 463 млн. теңгені құрады. Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге 2 айға «қамауда ұстау» шарасына санкция берді», – деді ҚР ҚМА Тергеу департаменті тергеу басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Қалдырбай.