Түркістан облысында қала тұрғыны ірі көлемдегі есірткімен ұсталды

09.07.2022 в 01:15

Күдікті уақытша ұстау изоляторында

Almaty.tv

Түркістан облысында жазасын өтеп жүрген ер адам аса ірі көлемде есірткімен ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жедел-іздестіру әрекеттерінің нәтижесінде Сайрам ауданының Ақсукент ауылында «Тойота Камри» маркалы көлікпен жүрген күдіктіден  есірткіге ұқсас өсімдік тектес зат табылған. Зерттеу қорытындысына сәйкес алынған зат «марихуана» есірткісі болып шықты. 

«Аталған жайт бойынша Сайрам аудандық полиция бөлімінде ҚР ҚК-нің 296-бабы 4 бөлігімен тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу амалдары барысында күдікті тұлға шартты түрде жазасын өтеп жүргені анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда», – деді облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бақармасының жедел уәкілі Әділет Әметбеков.


Ал Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі заттарын жеткізіп, сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Қарағанды-Нұр-Сұлтан тасжолында автокөлік салонынан 16 келіден асатын «гашиш» тәркіленген. Күдіктілер бұл затты Шу қаласынан әкеліп, елордада сатуды жоспарлаған.