Cотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр
БҚО-да 45 жастағы әйелден 1 келіден аса синтетикалық есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жергілікті полиция қызметкерлері азаматшаны тексере келе, 74 дана изолентаға оралған ұнтақ анықтаған. Ал тұрғылықты жерін тінту кезінде есірткі сатушылар қолданатын басқа да айғақтар табылыпты.
«Есірткі құралдарының, психотроптық препараттар мен прекурсорлардың жиынтық кестесіне сәйкес тәркіленгендердің мөлшері аса ірі болып айқындалған. ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Есірткі құралдары мен психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде өткізгені үшін 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік заң жүзінде көзделген», – деді полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекші маманы Лунара Аманғалиева.