Маңғыстауда "браконьер" полицейлер қызметінен кетті

28.04.2021 00:11

Әлеуметтік желілерде Қызылсай табиғи саябағы аумағында қаруланған төрт адамның ұсталғаны мен арқардың тұтас еті табылған видео тараған еді

Маңғыстау облысында браконьерлікпен айналысқан екі полиция қызметкері жұмыстан босатылды. Осыған дейін әлеуметтік желілерде Қызылсай табиғи саябағы аумағында қаруланған төрт адамның ұсталғаны мен арқардың тұтас еті табылған видео тараған еді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Одан бөлек, бейнеден Toyota Hilux тізгіндеген браконьерлердің ешбір заңға бағынбағанын да көруге болады. Оқиға орнына жеткен тергеу тобы Қазақстан Республикасының төрт азаматынан аңшылық мылтықтар тәркілеген.