Жамбылда адам ұрлап, ақша талап еткендер ұсталды

Жамбылда адам ұрлап, ақша талап еткендер ұсталды
Бейресми деректерге сүйенсек, олар бұл әрекеті арқылы бай отбасынан ақша талап етпек болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында фильмге бергісіз тағы бір шулы қылмыс тіркелді. Бұл жолы бәз біреулер 46 жастағы тұрғынды ұрлаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бейресми деректерге сүйенсек, олар бұл әрекеті арқылы бай отбасынан ақша талап етпек болған. Солайша орта жастағы әйелді күштеп Тараз қаласы аумағынан алып кеткен. Кейін белгісіз үйге апарып ұстаған көрінеді. Дегенмен облыстың полицейлері адам ұрлығы қылмысын ізін суытпай ашты. Олар алдымен 49 жастағы күдіктіні ұстап, кейін қылмысты ұйымдастырушыны да анықтаған.

«Полиция бастығы Жанат Сүлейменовке әйел кісі шағымданып келген болатын. Ол жақынының із-түзсіз жоғалғаны туралы хабар берген. Адам ұрлау бойынша шұғыл түрде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды және Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы құрылды. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кәсіби жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде екі күдікті анықталып, ұсталды», – деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Қалметов.

«Жамбыл облыстық департамент басшысына, одан соң осы іске қатысқан барлық қызметкерлерге алғысымды білдіргім келеді. Себебі күн түн демей кәсіби жұмыс істей білді. Жемісті жұмыс істеген барлық құрамға шын жүректен алғысымды айтамын», – деді әкесі Дмитрий Илиевич.

Новости партнеров