Күдіктілер – 19 бен 20 аралығындағы жігіттер
Қаралы қаңтардағы қақтығыста қару таратқандар ұсталды. Олар Алматы қаласындағы базарлардың бірінің аумағында қолға түскен. Қалалық полиция департаменті берген мәліметке сәйкес, күдіктілер – 19 бен 20 аралығындағы жігіттер, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Айта кетейік, жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлікшілерге қару таратып жатқан сәт куәгерлердің камерасына түсіп қалған.
«Басына газға қарсы құрал киіп, қолына автомат, пышақ ұстаған адамдар болды. Олар «Мына қаруды тезірек көлікке салып, апарып тастаңдар» деп айтты. Қорыққанымыздан апардық, себебі бізге үлкен қысым жасалды. Автоматпен жүрген адамдардан қорықпау мүмкін болмады», – дейді куәгерлердің бірі.