Қаңтар оқиғасы: Алматы әкімдігі жанында түсірілген бейнежазба жарияланды

18.02.2022 03:03

Бейнекадрдан «Тиіспеңдерші, ұрмаңдаршы!» деген сарбаздардың жалынышты дауыстары естіледі

Almaty.tv

Қаңтар оқиғасы кезінде түсірілген мына эксклюзивті кадрларда наразы топтың қалалық әкімдікке беттеп, кейіннен түрлі тәртіпсіздіктерге барғаны анық көрсетіледі. Бейнені сол сәтте алаңда болған Almaty.tv телеарнасының қызметкерлері таспалаған. Қолына балта алып, таяқ ұстаған, сондай-ақ жарылғыш заттарды қолданған бұзақылар әскерилерге де аяусыз соққы жасаған.

Бейнекадрдан «Тиіспеңдерші, ұрмаңдаршы!» деген сарбаздардың жалынышты дауыстары естіледі.