Сондай-ақ оның мүлкі тәркіленетін болады
Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды. Бүгін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы мен оның орынбасарларына үкім шығарды, деді Almaty.tv.
Сот Мәсімовті мемлекеттік қызметте қандай бір лауазым иеленуге өмір бойына тыйым сала отырып, 18 жылға бас бостандағыннан айырды. Сондай-ақ оның мүлкі тәркіленетін болады. Ал Садықұлов 16 жылға, Ерғожин 15 жылға, Өсіпов 3 жылға темір торға қамалады. Тергеу «аса құпия» белгісімен жүргізілді. Еске салайық, ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімовке қаңтар оқиғасы бойынша айып тағылған болатын. Бас прокурор Берік Асылов атап өткендей, тәртіпсіздіктер кезінде оның тапсырмасы бойынша комитет департаменттерінің жеке құрамы жұмыс орынын тастап кеткен.