Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Атыраудағы үйлердің бірінен ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Полицияның мәліметінше, 25 шілдеде қайтыс болған әйелдің анасы 102-ге хабарласып, қызының пәтер есігін ашпай жатқанын айтқан. Кейін оқиға орнына барған тәртіп сақшылары құтқарушылардың көмегімен ішке кіріп, 26 жастағы ер адам мен 30-дағы әйелдің денесін тапты.
«Аталған фактіге қатысты қазір Қылмыстық Кодекстің 105 және 99-бапына сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алдын ала ақпарға сәйкес ерлі-зайыптылар ажырасу процесінде болған. Орталарында 4 бала бар. Өзге ақпарат Қылмыстық Кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға тыйым салынады», – деді Облыстық ПД баспасөз қызметі бөлімінің басшысы Мейірім Ердәулет.