Биыл 14 шілдеде бірнеше азамат ұсталған еді
Рейдерлік әрекетпен қолға түскен күдіктілердің туысы тергеу жұмысына наразы, деп хабарлайды Almaty.tv.
Рейдерлік әрекетпен қолға түскен күдіктілердің туыстары тергеу жұмыстарына наразы. Одан бөлек компанияның есепшоттары да бұғатталып қалған. Олардың айтуынша, еліміздің Қаржы мониторингі агенттігі тексеріп жатқан қылмыстық іс талаптарға сәйкес келмейді. Алайда, күдіктілер «ешқандай рейдерлік әрекетке бармадық» деп отыр. Еске салайық, биыл 14 шілдеде рейдерлік жасады деген күдікпен бірнеше азамат ұсталғаны хабарланған еді.
«Қылмыстық тексеру кезінде бірнеше олықылықтарды байқап отырмыз. Мәселен, күдікті азаматтарды қамауда ұстау мерзімін ешқандай негізге сүйенбей ұзартып жатыр. Олардың жауап алу тәртібі де дұрыс емес. Сол себепті біз қаржы мониторингі агенттігі жүргізіп жатқан тергеуге түбегейлі қарсымыз, көңіліміз толмайды», – деді адвокат Ескендір Әлімбаев
Айта кетейін, компанияның 75 пайыз үлесіне ие азаматтар қазір қамауда. Жазықсыз жазалы болып отырмыз деген күдіктілердің туыстары биліктен араша сұрап отыр.
Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі күдікті азаматтардан құны 9 миллионға жуық АҚШ доллары болатын брендтік зергерлік бұйымдар табылғанын мәлімдеген.