Елімізде бір аптада 3000-нан аса қылмыс тіркелген

07.06.2022 01:01

Оның 1824-і тәулік ішінде ашылды

Еліміздің ішкі істер жүйесінде қызметтік ауыс-түйіс. Ішкі істер министрінің бұйрығымен Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары – Қуаныш Орынбетов, Павлодар қаласы полиция басқармасының бастығы лауазымына – Ермек Әлжанов, Шымкенттің Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының бастығы – Алмас Әмзеев тағайындалды. Сондай-ақ Ұлттық ұланның бас қолбасшысының орынбасарлығына Қайрат Үмбетов лайық деп танылыпты. Ведомство өкілінің сөзінше, жаңа тағайындау форматы бойынша кандидаттардың әрқайсысы жеке-жеке қарастырылған. Бұдан бөлек министрліктің мәліметінше, елімізде бір аптада 3000-нан аса қылмыс тіркелген.

«Оның 1824-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 10 кісі өлтіруі, 3 өлімге әкеліп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 1 қарақшылық, 47 тонау және 500 бөтен мүлікті тонау қылмысын ашты», – деді ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.