Адвокат сотталушыларды шақырып, қорғаушыларын назардан тыс қалдырған сот процесіне де наразы
Атырауда адвокат жаңа туған нәрестені өлтіру ісі бойынша апелляциялық сотқа қарсылық білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Перинаталдық орталықтың экс-директоры Қуаныш Нысанбаев пен бас акушер-гинеколог Асқар Қайыржанның адвокаты бұл істі қараған судья апелляциялық сот құрамына кіргенін айтады. Сондықтан бұнымен келіспейтінін білдіріп, соттың барлық құрамын алып тастауды сұрады. Сонымен қатар, әділ болу үшін бұл істі Атырау облыстық сотынан кез келген басқа сотқа беруді өтініпті. Сондай-ақ, адвокат сотталушыларды шақырып, қорғаушыларын назардан тыс қалдырған сот процесіне де наразы. Еске салайық, перзентхана қызметкерлері баланы өлі туылды деп тіркеп, оның тірі екені белгілі болғанда құжаттарды қайта ресімдемей, баланы мәйітхана тоңазытқышына жіберген еді.
«Маған 17 наурыз айымен келіп тұр. Әлі аппеляциялық соттың күні тағайындалмай жатып, маған беретін отводың заңсыз екенін түсіндіріп тұр. Мен үлкен күмән болғаннан кейін, маған мынандай жауаптар келіп тұрғаннан кейін құрметті сот алқасы менде не туындау керек. Менде сенімсіздік туындайды», – деді сотталушы Қуаныш Нысанбаев7