Олар 2017 жылдың қаңтарында бекетке басып кіріп, 100 мың теңгені қолды қылған
Түркістан облысында жанармай бекетіне шабуыл жасаған азаматтар ұсталды. Олар 2017 жылдың қаңтарында бекетке басып кіріп, 100 мың теңгені қолды қылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
5 жыл бұрын қарақшылық деп тіркелген істің қатысушылары енді есірткі тасымалын ұйымдастырып отыр. Жергілікті полиция департаменті оларды Сайрам ауданында ұстап, көлікті тінту барысында аңшы мылтығы мен синтетикалық есірткіні анықтаған.
Айта кету керек, екі азамат та жоғарыда аталған жанармай бекетіне шабуыл жасағанын мойындады.
«Күдіктілер ақшаны өзара бөліскен. Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы «Қарақшылық», 287-бабы «Қаруды заңсыз сақтау және алып жүру», 296-бабы «Есірткіні заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдіктілер бұрын сотталған, қазір олар қамауға алынды», - деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов.