Тергеу барысында осы қылмысты істеуге тағы екі тұлғаның қатысы бары анықталды
Тәртіпсіздік кезінде Жамбыл облыстық полиция департаментінің қоймасынан қару ұрлағандар ұсталды. Бұл факт Сарысу аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуі барысында тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Тәртіп сақшылары Жаңатас қаласы тұрғынының үйін тінту кезінде 3 дана автомат, 121 оқ-дәрі және 1 газдан қорғанатын құрал тәркіледі. Сондай-ақ тергеу барысында осы қылмысты жасауға тағы да екі тұлғаның қатысы бары анықталды.
«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сотта бір күдіктіге қатысты «үйқамақ» және екі күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылды», - деді Сарысу аудандық полиция басқармасының бастығы Асхат Алметов.