Алматыда лаңкестер 1347 қару ұрлаған

17.01.2022 01:30
Фото: ашық дереккөзден

Алматыда лаңкестер 1347 қару ұрлады. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Лаңкестердің басқа топтары бір уақытта қару-жарақ дүкендерін басып алды. Олар сол жерден қару-жарақ пен оқ-дәріні иемденді. Бүгінгі таңда  барлығы 1347 қару ұрланған. Оның ішінде 501 мылтық, 807-сі тегіс ұңғылы және 39 газ-травматикалық қару бар. Осының бәрі нақты ұйымдастырылған. Олардың іс-әрекетін топ жетекшілері үйлестіріп отырған», - деді департамент басшысы.